ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 25 қаңтар 2024 16:27
Тоқаев жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқандарды жазаға тартуды тапсырды
Алматыда сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне арналған кеңесте Президент Тоқаев жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратушыларды жазаға тартуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жиын барысында Алматыдағы халықты эвакуациялауға инфрақұрылымның дайындығы мен ескерту жүйесі мәселелері жан-жақты талқыланды. Мемлекет басшысы техникалық құралдар ақпараттың әр адамға уақытылы жетуін қамтамасыз етуге тиіс екенін айтты.
"Сондай-ақ дүмпу кезінде байбалам салып, жалған ақпарат таратқандар болды. Жұртты әдейі дүрліктірген адамдарды заңға сәйкес жазаға тарту қажет", – деді Президент.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу