ПОДЕЛИТЬСЯ
13 мамыр 2021 | 09:10
Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңға қол қойды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге жерді шетел азаматтарына сатуға тыйым салатын заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге жерді шетел азаматтарына сатуға тыйым салатын заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Осылайша ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану құқығы тек Қазақстан азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларға берілетін болады.
Бұған дейін Парламент шетелдіктерге, қандастарға және шетелдік заңды тұлғаларға ауылшаруашылық жерлерін иемденуіне тыйым салатын заң қабылдаған. Сенат Жер кодексінің 48-бабының 2-тармағына өзгеріс және 128-бабы 4-тармағының бірінші абзацына толықтыру енгізді.
Заң жобасының мақсаты - шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар Қазақстанның заңды тұлғаларының, халықаралық ұйымдардың, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтардың, сондай-ақ қандастардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік құқығымен және уақытша жер пайдалану құқығымен иеленуіне тыйым салуды енгізу.
Сондай-ақ, заң жобасында Қазақстан азаматтығы тоқтатылған және шетелдік азаматтар мен заңды тұлғалар Қазақстанның заңды тұлғасының қатысушылары құрамына кірген жағдайларда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді иеліктен шығару мәселелері реттелді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также