ПОДЕЛИТЬСЯ
12 шілде 2021 | 12:21
Тоқаев Жоғарғы Сот Кеңесінің жаңа басшысына бірқатар тапсырма берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғары сот кеңесінің биылғы жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды.
Сонымен қатар Президентке әкімшілік әділет соттарының кадрлармен қамтамасыз етілуі жөнінде мәлімет берілді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Денис Шиппке сот корпусын одан әрі жаңғыртуға және сот жүйесіне мейлінше сауатты әрі құзыретті мамандарды тартуға септігін тигізуі тиіс бірқатар міндет жүктеді.
Денис Шипп маусымның басында Жоғарғы Сот Кеңесінің басшысы болып тағайындалған еді. Ол бұрын Жоғарғы Соттың судьясы болып жұмыс істеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также