02 ақпан 2021 | 15:18

Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қабылдау кезінде Президентке сот жүйесіне әкімшілік әділет механизмін енгізуге дайындық жұмыстарының барысы жайында баяндалды.

Реклама
Реклама

Жоғарғы сот төрағасы 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс қолданысқа енгеннен кейін соттар мемлекеттік құрылымдарға қойылатын талаптарды әлемдік әкімшілік әділет жүйесіне сәйкес "мемлекеттік органның кінәлілік презумпциясы" принципімен қарастыра бастайтынын жеткізді.

Жақып Асановтың айтуынша, шетелдік тәжірибе көрсеткендей, әкімшілік әділет жүйесін енгізу мемлекеттік аппараттағы тәртіпті күшейтуге, инвестициялық ахуалды жақсартуға және экономиканың өсуіне ықпал етеді.

Мемлекет басшысы бұл Кодекс күшіне енген күннен бастап соттар жаңартылған алгоритм негізінде, қазақстандық сот төрелігі үшін тың тәсіл бойынша жұмыс істеуге дайын болады деп сенетінін айтты.

Президент азаматтардың және кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная