10 маусым 2022 | 16:36

Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот жүйесінің қазіргі даму барысы туралы баяндалды.

Жақып Асанов Мемлекет басшысына азаматтық дауларды сотқа жеткізбей шешу мәселесі жөнінде айтып, соңғы 3 жылда Жоғарғы соттың осы бағытта жүзеге асырған жобалары жайлы айтты. Оның айтуынша, бұрын істердің тек 2-3 пайызы ғана татуласумен аяқталса, қазір бұл көрсеткіш 37 пайызға жеткен.

Реклама
Реклама

Жоғарғы сот төрағасының деректеріне сәйкес 2018 жылға дейін ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша бір жылда орта есеппен 23 адам ақталса, соңғы 4 жылда 160-тан астам азамат кінәсіз деп танылған. Яғни, көрсеткіш 7 есеге артқан.

Президентке мемлекеттік басқару жүйесіндегі әкімшілік юстиция туралы айтылды. Жақып Асановтың айтуынша, былтырғы 1 шілдеге дейін азаматтар мен кәсіпкерлер қаралған істердің 85 пайызы бойынша мемлекеттік органдардан жеңілетін. Қазіргі таңда істердің 55 пайызы кәсіпкерлер мен азаматтардың пайдасына шешіледі.

Сонымен қатар кездесуде сот кадрларының сапасын жақсарту, азаматтардың сотта қорғалуын күшейту, сот ісін жүргізуді оңтайландыру және басқа да міндеттер туралы айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная