Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жиында Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі серіктестерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өнеркәсіп, көлік және логистика, аграрлық сектор, цифрландыру және жасанды интеллект секілді басты бағыттар бойынша өзара тиімді ықпалдастық перспективасы қарастырылды.

Отырыста Иран Президенті Масуд Пезешкиан (бейнеүндеу форматында), Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Моңғолия Премьер-министрінің бірінші орынбасары Учрал Ням-Осорын сөз сөйледі.

Реклама
Реклама

Келесі жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Қазақстан Республикасы төрағалық етеді.

Жиын соңында бірқатар құжатқа, соның ішінде Моңғолиямен сауда келісіміне және Біріккен Араб Әмірліктерімен экономикалық серіктестік жөніндегі келісімге қол қойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама