29 желтоқсан 2022 | 11:59

Тоқаев Жоғары сот төрағасының тағайындалуы туралы пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: t.me/bort_01

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат отырысына қатысып, Конституциялық сот төрағасы лауазымына кандидат ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат отырысына қатысып, Конституциялық сот төрағасы лауазымына кандидат ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Конституциялық Соттың кадрлық құрамын жасақтау кезінде сабақтастық сақталуға тиіс екенін айта келіп, жаңа органның төрағасына айрықша міндет жүктелетініне назар аударды. Осы ретте Мемлекет басшысы осы жауапты қызметке Эльвира Әбілхасымқызы Азимованы ұсынды.

"Эльвира Әбілхасымқызы – тәжірибелі, білікті маман. Заң шығару жұмысын, халықаралық құқық саласын өте жақсы біледі. Ол 20 жылдан астам уақыт Әділет министрлігінде еңбек етті. Қатардағы қызметкерден министрдің орынбасары лауазымына дейін көтерілді. 2019 жылдан бері Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарып келеді. Сіздерден Эльвира Әбілхасымқызы Азимованы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатып, Конституциялық соттың төрағасы лауазымына тағайындауға келісім беруді сұраймын", – деді Мемлекет басшысы.

Реклама
Реклама

Сенат депутаттары ашық дауыс беру арқылы Эльвира Әбілхасымқызы Азимованың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Еске салайық, Эльвира Әзімова Конституциялық соттың төрайымы болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная