05 қазан 2022 | 11:23

Тоқаев жолдар бойынша бірқатар тапсырма берді

Дина Шарипханова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Қарағанды облысындағы жолдар бойынша тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Қарағанды облысындағы жолдар бойынша тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қарағанды облысы еліміздің дәл ортасында орналасқанын, оңтүстік пен солтүстікті жалғайтын ең басты күре жол осы өңірді басып өтетінін айтты.

"Аймақты дамытуға автокөлік жолдарының сапасы айрықша ықпал ететіні анық. Қазір Орталық - Оңтүстік көлік дәлізі салынып жатыр. Балқаш қаласы арқылы өтетін жолдың құрылысы өте баяу жүріп, мерзімі қайта-қайта кейінге қалып жатыр. Үкіметке "Қарағанды - Балқаш" және "Балқаш - Бурылбайтал" тасжолын келесі жылы салып бітіруді тапсырамын", - деді Президент.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, "Қарағанды - Жезқазған" күре жолы да аса маңызды. Президенттің айтуынша, ұзындығы 500 шақырымнан асатын жол жөнделсе, орталық өңірлерге барыс-келіс жақсарады, жүк тасымалы көбейеді.

"Бұл Ұлытау облысын дамытуға зор септігін тигізеді. Екі облыстың инвестициялық және туристік мүмкіндігін арттырады. Осы жолды жөндеу жұмысына алдағы жылы дереу кірісу керек.

Сондай-ақ, "Қарағанды - Қарқаралы" тасжолын жөндеуді тапсырамын. Қарқаралының туристік әлеуетін арттыру мақсатында бұл жұмысты алдағы екі жылдың ішінде аяқтау қажет", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная