ПОДЕЛИТЬСЯ
05 желтоқсан 2020 | 11:44
Тоқаев жойылып кету қаупі бар мамандықтарды атады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен роботтандырудың дамуына байланысты бірқатар кәсіптің жойылып кетуін болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен роботтандырудың дамуына байланысты бірқатар кәсіптің жойылып кетуін болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Тоқаев жасанды интеллект және деректерге талдау жасаудың өзекті мәселелеріне арналған "Artificial Intelligence Journey" атты онлайн конференциядағы сөзінде банкир, курьер және жүргізуші мамандықтарының тағдыры осындай болуы мүмкін деген пікір білдірді.
"Банкир, бухгалтер, кассир, курьер, жүргізуші сияқты мамандықтардың тез арада жойылып кетуіне дайын болу керек", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы "заңгерлер қалай болса да аман қалуы мүмкін, өйткені онда заңнамаға қатысты білім мен ақпарат өте кең болуы керек" екенін де қосты.
"Бірақ менің ойымша, машиналар заңгерлерді де алмастыратын уақыт алыс емес. (...)", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, ол жасанды интеллектінің дамуы жаңа кәсіптердің пайда болуына әкелетінін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше ғасырдан кейін жасанды интеллектінің дамуы сонша, ақылды машиналар көшбасшы таңдауға шешім қабылдайтындай деңгейге жетуі мүмкін деп болжады. Алайда алдағы 50-100 жылда жасанды интеллект мемлекет басшыларын функционалды түрде алмастыра алмайтынын да атап өтті.
Президент өз сөзінде "40 жыл бұрын түсірілген "Электрониканың оқиғалары" фильмін еске алды. Оның айтуынша, бұл фильмде "басты кейіпкер егіз роботын өзінің орнына үй және мектеп міндеттерін орындау үшін қолдануға тырысады, бірақ содан кейін робот рольге кіріп кетіп, адамның орнын басуға үмітті болады".
"Міне, қарапайым мына фильмде өте қызық идея мен мәселе бар: жоғары жасанды интеллектке ие роботтар адамды алмастыра ала ма? Менің ойымша, мұның бәрі осындай интеллектімен жұмыс істеу сапасына байланысты", - деп түсіндірді Қазақстан Президенті.
Ол жасанды интеллектінің дамуын бақылау керек екенін де атап өтті.
"Жасанды интеллект әрқашан адамның бақылауында болуы керек. Жасанды зердені қолдану саласында қадағалау және инспекциялау органдарын құру қажеті туындайды", - деді Тоқаев.
Мысал ретінде ол қылмыстық салаларда жасанды интеллектіні қолдануға заңды жол берілмеу қажетін айтты.
"Жаңа дәуірге, жаңа парадигмаға дайын болу үшін біз шығармашылық зияткерлік еңбектің перспективалық қажеттіліктеріне бейімделуіміз керек, бұл білім беру мен тәрбие жүйесін барынша қайта қарауды талап етеді", - деп есептейді Қазақстан Президенті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также