03 ақпан 2022 18:43

Тоқаев жұмыс сапарымен Бейжіңге барды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжіңге жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ертең Мемлекет басшысы XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады", - делінген хабарламада.

5 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз өткізеді. Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму бағыттары талқыланады.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram