Тоқаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Facebook/Берік Уәли

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Мемлекет басшысы Ақтау қаласында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жиын өткізіп, жаңа спорт кешеніне барады. Сондай-ақ қаланың туристік аймағындағы бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады.

Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев "Отпантау-2021" командалық-штабтық оқу-жаттығуын бақылайды", - деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.

Сурет: Facebook/Берік Уәли

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 7 қыркүйекте Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының жаңа әкімі болған еді. Өңірдің бұрынғы әкімі Серікбай Трұмов Сенат депутаты болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама