Тоқаев журналистерді марапаттады

Тоқаев журналистерді марапаттады Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің журналистика және телевизия саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің журналистика және телевизия саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 25 маусымдағы №153 өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:

  • "Казахстанская правда" республикалық газетінің бас редакторы – Сәбит Ғалымұлы Малдыбаевқа;
  • "Turkistan" халықаралық газетінің бас редакторы – Бауыржан Бабажанұлы Өтеулиевке;
  • "Интерфакс-Қазақстан" ақпараттық агенттігі" ЖШС бас редакторы – Елена Андреевна Преображенскаяға;
  • "Astana aqshamy" республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы – Төлен Зәрубайұлы Тілеубайға берілді;
Реклама
Реклама

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:

  • "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы "Ақорда" бағдарламасының авторы-продюсері – Ақерке Бағдабекқызы Бектасқа;
  • "Хабар" агенттігі" АҚ арнайы тілшісі – Динара Киікбайқызы Жанбатыроваға;
  • "Jibek joly" телеарнасының тілшісі – Әнуар Әлиұлы Кәрібозовқа;
  • "Орал өңірі" газеті бас редакторының орынбасары – Гүлсезім Ерболатқызы Бияшеваға тапсырылды;

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:

  • "24KZ" телеарнасының шығармашылық ұжымына;
  • "Литер" республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына; 3. "Baqkz" ақпараттық агенттігінің шығармашылық ұжымына;
  • "Ақтөбе" облыстық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама