Тоқаев жылу энергетикалық нысандарда жиілеген апаттармен күресуді тапсырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Болат Ақшолақовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Болат Ақшолақовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына еліміздің отын-энергетика кешенін дамытудың негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумында (КҚК) қалыптасқан жағдайға байланысты қабылданған шаралар жөнінде есеп берілді.

Энергетика министрі Президентке газ саласын дамытудың кешенді жоспарының пысықталу барысы туралы баяндады. Аталған жоспар халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтары үшін бағаны ұстап тұруды ескере отырып, сұйытылған газға баға белгілеу ісін жетілдіруді, ресурстар базасын ұлғайтуды, өңірлерді одан әрі газбен қамтамасыз етуді, Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін жаңғыртуды және кеңейтуді көздейді.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министріне еліміздегі жылу энергетикалық нысандарда апаттардың жиілеп кетуіне, атап айтқанда, Петропавлдағы екінші ЖЭО-дағы жағдайға қатысты мәселемен айналысуды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная