17 ақпан 2022 21:15

Тоқаев қандай басылымдарды оқитынын айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күнделікті қандай ақпарат көздерін пайдаланатынын, соның ішінде қандай мерзімді басылымдарды үзбей оқып тұратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күнделікті қандай ақпарат көздерін пайдаланатынын, соның ішінде қандай мерзімді басылымдарды үзбей оқып тұратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мерзімді баспасөзді үзбей қараймын. Бұл - менің бұрыннан қалыптасқан дағдым. "Егемен Қазақстан", "Айқын", "Астана ақшамы" газеттерін оқимын. "Ана тілі", "Қазақ әдебиеті", "Жас қазақ", "Түркістан" газеттерін де міндетті түрде оқып тұрамын. Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты нақты тапсырма беремін. Әлеуметтік желідегі өткір жазбаларды да үнемі шолып отырамын. Ал теледидардан жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламаларды көремін", - деді ол.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram