01 қыркүйек 2022 12:34

Тоқаев қаңтарда тәртіпсіздіктерге үндегендерді жазалауды сұрағандар туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Қаңтар оқиғасына қатысты тәртіпсіздікке үндегендерді жазалауды сұрап хат жазғандар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Қаңтар оқиғасына қатысты тәртіпсіздікке үндегендерді жазалауды сұрап хат жазғандар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Маған құқық қорғаушылар, адвокаттар қауымдастығының өкілдері бірнеше рет өтініш жолдады. Олар елді жаппай тәртіпсіздікке үндеген адамдарды қатаң жазалау қажет екенін айтты. Бұл - орынды ұсыныс. 

Сондықтан өкілетті органдарға осы мәселені қарастырып, нақты шара қабылдауды тапсырамын. Біз кез келген ашық арандатушылыққа және заңсыз іс-әрекетке қатаң тосқауыл қоюымыз керек. Ел ішіне іріткі салған және заң бұзуға шақырған адамдар қатаң жазадан құтылып кетпейді", -  деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында Қазақстан халқына Жолдау жасап жатыр.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram