ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қазан 2022 | 12:07
Тоқаев Қарағанды облысы тұрғындарын марапаттады
Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Қарағанды өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының 4 қазандағы Жарлығы бойынша марапатталғандар:
- "Құрмет" орденімен "Үстел теннисі бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" КММ жаттықтырушысы – оқытушысы Эльмира Қайырқызы Әлиева;
- "Құрмет" орденімен "Қарағанды облыстық клиникалық аурухана" КМК бөлімше меңгерушісі Евгений Семенович Морозов;
- III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ цех бастығы Алексей Александрович Берг;
- "Ерен еңбегі үшін" медалімен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ "Тентек" шахтасының учаске бастығы Артём Иренғайыпұлы Қасымов;
- "Ерен еңбегі үшін" медалімен "Talbesyk" көпбалалы аналар одағы" ҚБ басшысы Ләззат Таймырқызы Қожахметова;
- "Ерен еңбегі үшін" медалімен "Kazakhmys Coal" ЖШС "Горный" учаскесінің машинисі Александр Владимирович Комарда наградталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также