Тоқаев қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасын қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "Эгмонт" қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтем жасап.

Мемлекет басшысы "Эгмонт" қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтем жасап.

Кездесу барысында ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандағы қаржылық қауіпсіздікті нығайтуға және активтерді қайтару тиімділігін арттыруға үлес қосып жүрген басты халықаралық платформа ретінде "Эгмонт" тобының маңызы зор екеніне назар аударды.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы Қазақстанның "ақшаны жылыстатуға қарсы" ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға сай одан әрі жетілдіруге ниетті екенін растады.

Президент заң үстемдігін қамтамасыз етіп, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында "Заң және тәртіп" тұжырымдамасы қабылданғанын жеткізді.

Эльжбета Франков-Яскевич Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға беріп, оның тиімділігін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама