ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 25 желтоқсан 2021 13:44
Тоқаев қашан ревакцинация жасататыны белгілі болды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылдың қаңтарында ревакцинация жасайды. Бұл туралы Facebook-те Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19 індетіне қарсы вакцинаны қайта салдыруына қатысты маған көптеген сұрақ келіп жатыр.
Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес Мемлекет басшысы келесі жылы қаңтар айында қайта вакциналаудан өтеді. Президент халыққа қолжетімді екпелердің бірін салдыратын болады", - деп жазды Берік Уәли.
Еске салайық, 2021 жылдың 6 сәуірінде Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтикалық зауыты өндірген "Спутник V" вакцинасын салдырған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу