ПОДЕЛИТЬСЯ
06 желтоқсан 2021 | 14:10
Тоқаев: Kaspi.kz IPO капитал нарығының динамикасын арттырды
Қасым-Жомарт Тоқаев Финтех саласындағы аймақтық көшбасшы Kaspi.kz IPO-сы капитал нарығының динамикасын арттыруға мүмкіндік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қасым-Жомарт Тоқаев Финтех саласындағы аймақтық көшбасшы Kaspi.kz IPO-сы капитал нарығының динамикасын арттыруға мүмкіндік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы жетекші америкалық және халықаралық инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесу өткізді. Шара барысында ірі халықаралық инвестициялық Blackrock, Capital Group, Aberdeen Asset Management, Luxor Capital, Lugard Road Capital, Sands Capital, Alameda Research & FTX, Kingsway Capital қорларының басшылары сөз сөйледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвестициялар Қазақстан дамуының негізгі факторларының біріне айналғанын, сондықтан елімізде инвестициялық ахуалды жақсартуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.
"Осы саладағы жүйелі және кешенді жұмыстар бізге Орталық Азиядағы ең ірі және посткеңестік кеңістікте жылдам дамып келе жатқан экономикалардың біріне айналуға мүмкіндік берді", - деді Мемлекет басшысы.
Нақты секторға тікелей инвестиция тартумен қатар, бағалы қағаздар нарығын дамытуға және шетелдік портфельдік инвесторларды тартуға көп көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысы мұның сәтті мысалы ретінде Kaspi.kz компаниясының IPO-сын айтты.
"Финтех саласындағы өңірлік көшбасшы Kaspi.kz-тің IPO-сы капитал нарығының динамикасы мен ілгерілеуіне мүмкіндік берді, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Инвесторлар да Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жаңа деңгейге көтере алған Kaspi.kz-тің маңыздылығын атап өтіп, елге капиталды одан әрі табысты тарту бойынша өз ұсыныстары мен идеяларымен бөлісті.
"Біз жеке нарықтарға ғана емес, сонымен қатар жетекші корпорациялар мен салаларға шоғырланғанбыз, - деді Luxor Capital америкалық инвестициялық компаниясының президенті Даг Снайдер, - Біз Kaspi.kz-ке инвестиция салғанымызға өте қуаныштымыз. Мен сіздің мемлекетті, мұнда бар нарықтарды одан әрі зерттеуді жалғастырамын. Болашақта керемет серіктестік болады деп үміттенемін!".
Luxor Capital америкалық инвестициялық компаниясының президенті Дуг Снайдер
Инвесторлар жетістігімен таңғалдырған Kaspi.kz ел үшін маңызды компания екенін атап өтті. Енді Қазақстанды шикізат ресурстарына бай мемлекет ретінде ғана емес, технологиялық әлеуеті зор ел ретінде қарастырады. Дәл қазір Kaspi.kz бірегей бизнес үлгісі ретінде көптеген елдерде үлгі. Ал бұл компания Қазақстанда құрылған.
"Президент Тоқаевпен кездесіп, елдің орасан зор әлеуетін талқылау мен үшін үлкен мәртебе болды, - деп жазды кездесуден кейін әлеуметтік желідегі парақшасында Aberdeen Asset Management компаниясының инвестициялық директоры Адам Монтанаро, - Қазақстан – экономиканы цифрландыруға көмектесу арқылы инвесторлар мен мемлекетке керемет құндылықтарды әкелген әлемдегі ең мықты супер қолданбалардың бірі - Kaspi.kz-тің отаны".
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу қазақстандық капитал нарықтарына шетелдік инвестицияларды көптеп тарту туралы пікір алмасуға тамаша мүмкіндік береді, деп үміттенетінін айтты. Сондай-ақ мұндай форматтағы кездесулерді тұрақты түрде өткізу қажеттігін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также