ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қазан 2020 | 18:58
Тоқаев: Кәсіпкерлер үшін тағы бір маңызды мәселе шешілуі керек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жер қатынастарын цифрландыру және отандық бизнестің ауыл шаруашылығына арналмаған жер ресурстарына қол жеткізуін жеңілдету жөнінде заң жобасы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жер қатынастарын цифрландыру және отандық бизнестің ауыл шаруашылығына арналмаған жер ресурстарына қол жеткізуін жеңілдету жөнінде заң жобасы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Жақын арада жерге қол жеткізу секілді кәсіпкерлер үшін тағы да бір маңызды мәселе шешілуі керек. Менің тапсырмам бойынша Үкімет жер қатынастарын цифрландыру және отандық бизнестің ауыл шаруашылығына арналмаған жер ресурстарына қол жеткізуін жеңілдету жөнінде заң жобасын дайындады. Сондай-ақ заңда жер қатынастары мен сәулет саласында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсету, жер учаскелерін беру мерзімін 1 жылдан 20 күнге дейін қысқарту, мемлекеттік актіні, жерге орналастыру жобасын алып тастау және басқа да бірқатар маңызды мәселелер қарастырылған. Үкімет жыл соңына дейін аталған заң жобасын Парламентке беруі қажет", - деді Мемлекет басшысы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезінде.
Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлерді қолдау және қорғау ел дамуы үшін маңызды міндет екенін айтты. Сонымен қатар бұл Президенттің сайлауалды уәделері мен басымдықтарының бірі. Сондықтан ол ұлттық бизнесті дамытуға әрқашан баса назар аударады.
"Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдар бизнесті қолдауға байланысты міндеттердің тиісінше орындалуын қамтамасыз ететін болады. Алайда бизнес сектор да жаңа талаптарға тез бейімделуі керек. Кәсіпкерлер өз бизнесін жаңғыртуға назар аударуға тиіс. Бұл, ең алдымен, бәсекеге қабілетті болу, әрқашан жаңа бастамалар мен жаңа жобаларды іске асыруға ұмтылу деген сөз. Сонымен бірге біз табысты әділ бөлудің маңыздылығын да ұмытпауымыз керек. Кәсіпкерлерге жұмыс орындарын ашып, табысын ұлғайтуы қажет. Ең алдымен, бұл мемлекеттен қаржылай көмек алатын кәсіпорындардың міндеті", - деді Президент.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также