12 ақпан 2022 | 19:35

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жиынын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев. © akorda.kz

Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесі өтті. Жиында ұлттық қауіпсіздіктің бірқатар өзекті мәселесі қарастырылды. Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бірінші кезектегі міндет екенін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесі өтті. Жиында ұлттық қауіпсіздіктің бірқатар өзекті мәселесі қарастырылды. Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бірінші кезектегі міндет екенін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов "қасіретті қаңтар" оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарының барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта 3024 қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Арнаулы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктер мен террорлық актілер бойынша 177 істі қарап жатыр.

Прокуратура органдарының мәліметі бойынша, 779 адам қамауда отыр. Олардың арасында ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 мүшесі бар. 113 адам кісі өлтіру, ұрлық, тонаушылық және қарақшылық әрекеттері үшін бұрын сотталған. Ұсталғандардың тұлғалары анықталған соң, сондай-ақ денсаулық жағдайларына байланысты және басқа да материалдар бойынша 109 азаматтың қамауға алу жазасы кетіп қалмау жөніндегі қолхатпен және жеке кепілдік берумен алмастырылған. Прокурорлар азаматтардың тәртіпсіздікке қатысы бар екені дәлелденбегенін негізге ала отырып, тағы да 103 адамды босатқан. Ұсталғандарды азаптау туралы әрбір хабарлама жіті тексеріледі.

Реклама
Реклама

Прокурорлар адвокаттармен, құқық қорғаушылармен және Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен әрдайым байланыста. Оларға тергеу изоляторларына, уақытша ұстау изоляторларына және ұсталу себебін анықтайтын арнаулы орындарға кіруге мүмкіндік берілген. Жалпы прокуратураға ұсталғандар тарапынан 305 шағым түскен. Құқық бұзушылыққа қатысты 62 шағым расталмады. Азаптау және билігін асыра пайдалану дерегі бойынша 170 қылмыстық іс қозғалды.

"Әрбір істі егжей-тегжейлі тексереміз және бұлтартпас дәлелдер болған жағдайда ғана кінәлілерді жауапкершілікке тартамыз", - деді бас прокурор.  

Сонымен қатар кеңесте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Ішкі істер министрі, Қорғаныс министрі және премьер-министрдің орынбасары - сыртқы істер министрі баяндама жасады.

Кеңес қорытындысы бойынша Президент қаңтар оқиғасы бойынша мұқият және шынайы тексеру жүргізу, ұсталған азаматтардың құқықтарын қорғау, тексеру барысы туралы халыққа уақтылы ақпарат беру жөнінде мемлекеттік органдарға тапсырма берді.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная