23 ақпан 2021 | 16:13

Тоқаев қазақ тілді БАҚ туралы пікір білдірді

© Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Рахым Ошақбаевпен және Қанат Сахарияновпен кездесу өткізді.

"Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев Президентке өзі басқарып отырған орталықтың жұмысы туралы айтты, сондай-ақ, отандық аналитикалық орталықтарды дамыту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Реклама
Реклама

Бұдан бөлек Мемлекет басшысына жаһандық компаниялармен арадағы ынтымақтастықтың негізінде инвестиция тарту жолдарын, сондай-ақ, ақша-кредит саясатын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар таныстырылды.

Atameken Business телеарнасының бас директоры Қанат Сахарияновпен әңгімелесу барысында қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін нығайту, ақпараттық саясат саласын реттейтін заңнаманы дамыту мәселелері қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің отандық масс-медиаға қолдау көрсете беретініне тоқталып, контент сапасын арттыру және қазақтілді БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін күшейту қажеттігін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная