01 қыркүйек 2023 | 11:28

Тоқаев Қазақстан дамыған ел болу үшін не қажет екенін айтты

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Реформалар мен әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар жүзеге асырылған кезде Қазақстан нағыз дамыған елге айналады, деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Реформалар мен әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар жүзеге асырылған кезде Қазақстан нағыз дамыған елге айналады, деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алайда нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет. Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Соған қарамастан, ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өсті", - дед Тоқаев.

Президенттің айтуынша, былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болған.

Реклама
Реклама

"Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Сыртқы сауда-саттық бұрын болмаған деңгейге, яғни 136 миллиард долларға жетті. Оның 84 миллиарды – экспорт. Сыртқы қорымыз 100 миллиард долларға жуықтады", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная