Тоқаев Қазақстан-Эстония бизнес форумында сөз сөйледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алар Карис Қазақстан-Эстония бизнес форумында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алар Карис Қазақстан-Эстония бизнес форумында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Эстонияның іскерлік топ өкілдері қатысып жатқан бизнес-форум сауда және инвестиция саласындағы екіжақты ықпалдастықты жандандыруға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қаржы және білім беру салаларындағы өзара тиімді серіктестіктің перспективті бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ елімізде эстониялық бизнестің кеңеюіне жан-жақты қолдау білдіруге дайын екенін растады.

Реклама
Реклама

Жиында Эстония Президенті Алар Карис те сөз сөйледі.

Бизнес-форум аясында екі ел компаниялары жалпы құны 517 миллион доллардан асатын 11 коммерциялық құжатқа қол қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама