Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын қабылдады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстары мен қоғамдық институттардың өңірлерде жүзеге асырған іс-шараларының қорытындысы жайында баяндалды.

"Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты барлық құрылымдардың нақты әрі нәтижелі жұмыс істеу қажеттігі айтылды. Президент Ассамблеяның жастар қозғалысы мен Аналар кеңесінің жұмысына ерекше көңіл бөлу керек екенін атап өтті", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Әзілхановқа этномедиация институтын дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама