Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының екі сессиясын шақырды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: assembly.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) отызыншы және отыз бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясы 2022 жылғы 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында "Ел бірлігі - жаңарған Қазақстанның тірегі" күн тәртібімен шақырылсын.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының отызыншы сессиясы 2022 жылғы 28 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", - делінген хабарламада.

Үкіметке Қазақстан халқы Ассамблеясының отызыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама