20 қазан 2022 10:31

Тоқаев Қазақстан-Қытай шекарасындағы жүк көліктерінің мәселесіне тоқталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Қытай шекарасында жүк көліктерінің жиналып қалуына қатысты айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Қытай шекарасында жүк көліктерінің жиналып қалуына қатысты айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаевтың айтуынша, карантиндік шектеулерге байланысты қазақстан-қытай шекарасындағы өткізу пункттері жұмысының күрт баяулауы өзекті мәселелердің бірі.

"Жүргізушілердің наразылығын тудырған жүк көліктерінің жинақталуы бар. Жағдайды түзету үшін "Алакөл" және "Нұр жолы" шекара бекеттерінде электронды кезекті енгізуді жеделдету қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Реклама
Реклама

Өңірдің және тұтастай алғанда, еліміздің экономикалық әлеуетін елеулі түрде нығайтуға қабілетті тағы бір қадам Қытай стандарттары бойынша аккредиттелген зертхана құру болуы мүмкін, деді Мемлекет басшысы.

"Оның жұмысы Қытайға экспортты арттырады. Қазірдің өзінде Қорғаста мұндай зертхана ашу жоспары бар. Бұл жобаны жылдам жүзеге асыру үшін Қытайдан келген әріптестермен диалогты жандандыру қажет", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram