Тоқаев Қазақстан Парламентіне жаңа атау ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Тоқаев Қазақстан Парламентіне жаңа атау ұсынды Фото: parlam.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Қазақстан Парламентінің атауын өзгерту туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Қазақстан Парламентінің атауын өзгерту туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент болашақ Парламенттің атауы бойынша пікірін айтты.

"Қысқаша айтқанда, Құрылтай деген атауды беру керек деп сенемін. Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға түсінікті, жақын. Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын мен өзім 2022 жылы көтердім. Бұл баяндаманың басында Құрылтай жұмысының тиімділігі мен пайдасына ден қойдым.

Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын", - деді Президент.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама