12 қазан 2023 | 10:39

Тоқаев Қазақстанда 5G енгізудің жаңа мерзімін белгіледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2023 форумында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 5G енгізу мерзімін белгіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2023 форумында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 5G енгізу мерзімін белгіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы 5G желісін толық көлемде енгізуді инновацияны дамытуға тағы бір қуатты серпін деп атады. Президент бұл үдеріс Қазақстанда қазірдің өзінде қолға алынғанын атап өтті.

"Бұған дейін 2027 жылға қарай барлық облыс орталықтарын жаңа буындағы ұялы байланыспен қамту мақсаты қойылса, технологияның қарқынды дамуы жағдайында бізге жеделдетіп, шындап қарқын алу керек.

Үкімет бұл жұмысты мерзімінен бұрын – 2025 жылдың аяғына дейін аяқтауы керек", – деп тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная