16 қараша 2022 17:08

Тоқаев Қазақстанда жабылған университеттер мен колледждер туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда студенттер және жас ғалымдармен кездесуінде талапқа сай келмейтін колледждер мен жоғары оқу орындарының жабылуы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы және қолжетімді білім беруді дамытуға баса назар аударды. Ол кейінгі жылдары еліміз бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге жеткенін атап өтті.

"Білім беру ісі талапқа сай келмеген бірқатар жоғары оқу орны мен колледж жабылды. Бұл жұмыс жалғасын табуға тиіс. Осы бағытта ешкімге жеңілдік жасалмайды. Өйткені елімізге диплом тарататын мекемелер емес, бәсекеге қабілетті оқу орындары керек. Қоғамымызда диплом емес, білім культке айналуға тиіс", - деді Тоқаев.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram