19 қараша 2021 | 15:34

Тоқаев Қазақстанда криптовалюта нарығын құру туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев криптовалюта нарығының болашағы туралы пікірімен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев криптовалюта нарығының болашағы туралы пікірімен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Криптовалюталар – объективті фактор және оларға немқұрайды қарауға болмайды. Олардың қолданыстағы қаржы жүйесіне әсер ететін тәуекел-қатерлері мен әлеуетін нақты бағалау қажет. Сондықтан елімізде криптобиржаларды құру үшін теңдестірілген реттеу шарттарын қалыптастыру жұмыстарын жандандыру қажет. Басқаша айтқанда, криптовалюталарды шығару бойынша әлемдегі екінші ел бола тұра,  қаржы қайтарымын көрмей отырмыз", - деді Мемлекет басшысы.

Президент цифрлық валюталарды айналымға енгізу туралы өз ойын білдірді. Ол болашақ қаржы жүйесінің негізгі элементі бола алатын цифрлық теңгені енгізу мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтты.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная