ПОДЕЛИТЬСЯ
27 сәуір 2023 | 12:00
Тоқаев: Қазақстандағы әрбір этностың өз дәстүрі мен тілін дамытуға мүмкіндігі болады
Қазақстандағы әрбір этнос өз салт-дәстүрін, тілін дамытуға мүмкіндік алады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, көпмәдениетті ортаны дамытып, мемлекеттік тілді барлық азаматтың меңгеруіне жүйелі қадамдар жасау қажет. Жалпыұлттық азаматтық бірегейлік этникалық белгілерді жоққа шығармайды, ол азаматтық қоғамның жаңа моделінің негізін қалыптастыруға бағытталған.
"Қазақстандағы әрбір этностың өз салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін дамытуға мүмкіндігі болды және болады. Бұл шын мәнінде, ұлттық бірегейліктің негізі саналды. Бұл ретте Қазақстанның барлық азаматты мемлекетіміздің өткеніне, бүгіні мен болашағына, ұлтымыздың рәміздеріне және оның мәдени өзегіне өзінің қатыстылығын сезінуге тиіс.
Мен атап өткен "біз әртүрліміз, бірақ теңбіз", "әртүрліктегі бірлік" деген қағидалар мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру жүйесінде бірдей өтуі керек", - деді Тоқаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также