07 ақпан 2024 | 11:53

Тоқаев Қазақстандағы жолдардың жағдайын сынға алды

Фото:depositphotos.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жолдар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жолдар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев, автожол мәселесіне тоқталды.

"Еліміз үшін айрықша маңызды "Астана-Балқаш-Алматы" тасжолы әлі күнге дейін жөнделіп біткен жоқ. Құрылыс 2017 жылдан бері жүріп жатыр. Республикалық маңызы бар "Атырау-Астрахань", "Ақтөбе-Қандыағаш", "Талдықорған-Өскемен" жолдарының жөнделіп жатқанына 5 жылдан асты. Биыл осы жұмыстар біржола аяқталуға тиіс. Бұл жерде бірнеше мәселені ескеру қажет", - деді Президент.

Реклама
Реклама

Қалыптасқан тәжірибеге қарасақ, республикалық маңызы бар жолдардың тендерін көп жағдайда тек шетел компаниялары ұтып алады, дейді Мемлеке басшысы, мұндай жобаларға қолынан іс келетін, тиісті техникамен жабдықталған өз кәсіпорындарымызды тарту керек.

"Сонымен қатар, жол құрылысына қажетті техниканы елімізде шығару жолдарын дамытып, өзіміздің дайын өнімді пайдалану керек.

Жалпы, жол мәселесіне келгенде бір ғана мақсат болуға тиіс. Республикалық немесе аймақтық жол болсын, еліміздегі жолдың бәрі сапалы болуы керек. Әзірге жағдай мәз емес".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная