03 маусым 2024 | 14:08

Тоқаев Қазақстандағы реформалар туралы айтты

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдарының дайындық деңгейі әрдайым жоғары болуға тиіс. Мемлекет басшысы мұны тағы бір маңызды басымдық деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдарының дайындық деңгейі әрдайым жоғары болуға тиіс. Мемлекет басшысы мұны тағы бір маңызды басымдық деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою жөніндегі ынтымақтастықты Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалығы кезінде басымдық берілетін бағыт ретінде атап өтті.

"Өңіріміздегі су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдай табиғат апатының қаупі қаншалықты зор екенін көрсетті. Қазақстанға оның салдары оңай тимеді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, еліміздегі су тасқыны кезінде тілеулестік білдіріп, көмек көрсеткені үшін мемлекеттеріңізге ризашылығымды білдіремін. Біз бұл қолдауды жоғары бағалаймыз", – деді Президент.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалығы аясында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейтін халықаралық ұйымдармен және құрылымдармен ықпалдастықты нығайтуға ниетті.

"БҰҰ, ТМД және ШЫҰ-ның салалық құрылымдарымен ынтымақтастықты кеңейту аса маңызды деп санаймыз. Биыл қаңтар айында ҰҚШҰ Хатшылығы мен ТМД Терроризмге қарсы күрес орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Біз мұны құптаймыз", – деді Президент.

Мемлекет басшысы спикерлерге Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар қоғамның барлық саласын, соның ішінде саясат, экономика және идеология бағыттарын жүйелі түрде жаңғыртуды көздейтінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономика саласына тоқтала келіп, еліміздің ЖІӨ көлемі 265 миллиард долларға жеткенін мәлімдеді.

"2023 жылы шетелден 23 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартылды. Еліміздің халықаралық резервтері 100 миллиард долларға жуықтады. Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша биыл Қазақстанның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 13 пайызға өсіп, шамамен 15 миллиард долларды құрауға тиіс. Жақында мен кәсіпкерлік еркіндік пен бәсекелестіктің дамуын қамтамасыз ету, мемлекеттің экономикадағы үлесін қысқарту және бизнес шығындарын азайту арқылы экономиканы ырықтандыруға негіз қалайтын Жарлыққа қол қойдым. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқықбұзушылықтарды декриминализациялау арқасында бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісі айтарлықтай күшейді", – деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады