ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 30 маусым 2026 12:34
Тоқаев Қазақстанды газдандыруды жеделдету міндетін қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан елді мекендерге газ құбырын тартуды жеделдетіп, халықты көгілдір отынмен қамту көрсеткішін 80 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан елді мекендерге газ құбырын тартуды жеделдетіп, халықты көгілдір отынмен қамту көрсеткішін 80 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президенттің айтуынша, экономиканың жаңа үлгісіне көшу үшін алдымен энергетикалық, инженерлік және көлік-логистикалық инфрақұрылымды толыққанды дамыту қажет.
"Біз энергетикалық және коммуналдық салаларды жан-жақты жаңғырту жұмысын қолға алдық. Осы мақсатта бұрын-соңды болмаған ауқымдағы Ұлттық жобаны іске асыру туралы шешім қабылданды. Оны жүзеге асыру үшін тек биылдың өзінде 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы артық шығынға әкеп соғатын тиімсіз "әрлеу, яғни жөндеу" тәсілінен бас тартып, өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін барлық нысандар мен жүйелерді түбегейлі жаңғырту жұмысы жүргізілетінін атап өтті.
Оның сөзінше, Қазақстанның энергетикалық балансында көмір, мұнай, газ секілді отын түрлері басым.
"Сондықтан біз елді мекендерге газ құбырын тартуды жеделдетуді жоспарлап отырмыз. Көгілдір отынмен қамту көрсеткішін (қазір 65 пайызға жуық) 80 пайызға дейін арттыру міндеті қойылды", - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет дәстүрлі қуат көздерімен бірге "жасыл" энергетикаға баса мән беріп отырғанын айтты.
"Қарқынды өсіп келе жатқан экономиканы қамтамасыз ету үшін 2029 жылға қарай 13 гигаваттан астам жаңа қуат көздерін іске қосу жоспарланған. Осы орайда, олардың кемінде төрттен бірі жаңартылатын энергия көздері есебінен жүзеге асырылмақ", - деп атап өтті Президент.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу