01 қыркүйек 2023 12:19

Тоқаев Қазақстанды IT-елге айналдыру міндетін қойды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: pressfoto/Freepik

Қазақстан үкіметінің жаңа міндеттерінің бірі 2026 жылға қарай ІТ-қызметтер экспортын 1 миллиард долларға жеткізу болмақ. Мұндай тапсырманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республика халқына Жолдауы аясында берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Білесіздар, мен цифрландыру мен инновация мәселелеріне ерекше көңіл бөлемін. Біздің алдымызда стратегиялық маңызды міндет тұр - Қазақстанды IT-елге айналдыру. Цифрландыру саласындағы жетістіктеріміз бар – біз электрон үкімет пен финтех даму индексі бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарындамыз.

Былтырдың өзінде отандық IT-индустрия экспортының көлемі бес есеге өсті. Биылғы жылдың аяғына дейін бұл көрсеткіш 500 миллион долларға жетуі мүмкін. Бірақ бұл шек емес", - деді мемлекет басшысы.

Үкіметтің жаңа міндеті – 2026 жылға қарай ІТ-қызметтердің экспортын бір миллиард долларға жеткізу, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Реклама
Реклама

"Бұған ірі шетелдік IT-компаниялармен бірлескен кәсіпорындардың ашылуы септігін тигізеді. Үкімет бұл мәселе бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар енгізуі керек", - деп тапсырды ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram