Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Фото Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай - ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның "толық адам" тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз", - деді Мемлекет басшысы.

Реклама
Реклама

10 тамызда қазақстандықтар дәстүрлі түрде Абай күнін тойлайды. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ақын, ағартушы және сазгер Абай Құнанбаевтың туған күні ресми мереке күні болып саналады.

Жаңа мереке 2020 жылы қазақтың ұлы ақынының 175 жылдық мерейтойы тойланған кезде бекітілді. Сол жылдың 5 тамызында бұл күн мерекелердің ресми тізіміне енді.

Еске сала кетейік, осыған дейін бүгін елімізде Абай күні тойланатынын хабарлаған едік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама