Тоқаев қазақстандықтарды алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. "Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра". Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл – өте жақсы үрдіс. Өйткені ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау – нағыз отаншылдықтың көрінісі. Отанға сүйіспеншілік – мемлекеттілігіміздің темірқазығы. Қазақстан жастарының мұны жақсы түсініп, қолдайтынына ризамын. Мемлекет руханият саласын барынша дамыта береді. Дәстүрлі өнердің дүлдүлдері Қайрат Байбосынов "Қазақстанның Еңбек Ері", Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова "Қазақстанның халық әртісі" атағына ие болды. Қасиетті қара домбыраның күмбірін бүкіл әлемге паш етіп жүрген азаматтарға алғыс айтамын, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында.

Ұлттық домбыра күні шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама