Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Дина Муратова Редактор
Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Құрметті қазақстандықтар!

 Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Жарнама
Жарнама

Бәрімізді қуаныш пен сүйіспеншілік сезіміне бөлейтін бұл мереке – бейбітшілік пен жақсылықтың нышаны. Оның философиялық мәні зор және бүкіләлемдік мәдени сипаты бар.

Көне заманнан бастау алатын осынау мейрам жаңару мен жаңа өмірдің басталу сәтін сипаттайды.

Наурыз – рухани бай мұрамыздың, бірегей ұлттық кодымыз бен үздіксіз ұрпақ сабақтастығының жарқын символы.

Бұл мереке өмірімізге жасампаздық пен дамудың жаңа лебін әкеледі.

Бүгінде Наурыз – ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасындағы достықты, өзара құрмет пен келісімді нығайтуға септігін тигізетін шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрам.

Оның мәңгілік мәні – ең жоғары құндылығымыз бен ортақ байлығымызды – халықтың ынтымағын бекемдеу.

«Бірлік бар жерде, тірлік бар» дейді халық даналығы. 

Әз-Наурыз әр отбасына бақ-береке әкелсін!", - делінген хабарламада. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама