06 мамыр 2019 08:56

Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Камила Долаева Журналист
© КТК

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.

Реклама
Реклама

Бұл - шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл. Исламның жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы және әлемдегі дәстүрлі құндылықтар мен гуманизм негіздерін нығайтуға ықпал етеді. Рамазан айында ораза ұстау мейірімділікке, кешірімді болуға, татулыққа және қайырымдылыққа үндейді.

Елбасының дана саясатының арқасында Қазақстанда бірлік, өзара түсіністік, этносаралық және дінаралық келісім рухы сақталып отыр. Қасиетті Рамазан айы бәріңізге жақсылық, бақ-береке әкелсін!", - деді Президент. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram