11 наурыз 2024 09:05

Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айының басталуымен қазақстандықтарды құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айының басталуымен қазақстандықтарды құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қымбатты отандастар! Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша.

Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл.

Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді.

Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін.

Ораза қабыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, толайым табыс тілеймін!" - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram