ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қаңтар 2020 | 09:00
Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтады. Құттықтау мәтіні Ақорда сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтады. Құттықтау мәтіні Ақорда сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қымбатты қазақстандықтар! Еліміздің православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!Тарихы көне ғасырлардан бастау алатын бұл мейрам азаматтарды адамгершілік, мейірімділік және бауырмалдық сияқты мәңгілік құндылықтардың қадір-қасиетін терең ұғынуға шақырады.
Конфессияаралық келісім - мемлекетіміздің табысты дамуының маңызды факторларының бірі. Біз елімізді мызғымас береке-бірліктің рухына сәйкес өркендетіп, болашаққа нық қадам басып келеміз", - делінген мәтінде.
Тоқаев Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігі саналатын православ христиандары тәуелсіздігімізді нығайтуға мол үлес қосып жатқанын айтты
"Біз халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін бірге қажырлы еңбек ете береміз. Барлық православ христиандарына амандық және бақ-береке тілеймін! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен бірлік болсын!", - деп қорытындылады Президент.
Показать комментарии
Читайте также