ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қараша 2024 | 16:50
Тоқаев қазақстандықтардың декларация тапсыруы туралы маңызды мәлімдеме жасады
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың декларация тапсыруы туралы маңызды мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың декларация тапсыруы туралы маңызды мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасап жатырмыз. Барлық саладағы жұмыстың ашық болуына көңіл бөліп отырмыз. Осы орайда азаматтарымыздың табысын жаппай декларациялаудың мән-маңызы зор. Бұл талап 2021 жылдан бері біртіндеп енгізіліп жатыр. Алғашқы үш кезеңде 4 миллионнан астам адам декларация тапсырды. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектордағы басшылар, кәсіпкерлер және осы санатқа кіретін азаматтардың жұбайлары бар", - деді Президент.
Президенттің айтуынша, келесі жылы тағы 8 миллионға жуық адам декларация тапсырады деп жоспарланып отыр.
"Алайда бір мәселені ескеру қажет. Жаппай декларация тапсыру тұжырымдамасы осыдан 14 жыл бұрын қабылданған. Содан бері елімізде цифрландыру ісі және финтех саласы қарқынды дамып келе жатыр. Түрлі мемлекеттік мекемелерге ортақ мәліметтер базасы пайда болды. Қаржы және салық бақылауы күшейді. Демек осындай ауқымды өзгерістерден кейін төртінші, яғни, соңғы кезеңде азаматтарды декларация тапсыруға міндеттеу қаншалықты орынды деген сұрақ туады. Үкімет бұл мәселені жан-жақты пысықтауы қажет".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также