ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қазан 2022 | 11:45
Тоқаев: Қазақстанға Ресейден 50-ден аса халықаралық компания көшті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында Ресейден кеткен компаниялардың қоныс аударуы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президент баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында Ресейден кеткен компаниялардың қоныс аударуы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президент баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытта Қазақстанға Ресейден 50-ден аса халықаралық компания көшті. Олардың бәрін ірі қалаларда шоғырландыру тиімсіз. Әкімдік Алматы маңында ҮАААЖ периметрі бойынша мұндай өндірістерді орналастыруды пысықтауы керек, бұл өңірдің дамуына айтарлықтай септігін тигізеді. Үкіметпен және компаниялармен осы мәселені талқылаңыздар", - деп тапсырды Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыс орталығы Алматыға қатысты "контрмагнитке" айналуы тиіс екенін айтты.
"Біз инвесторларға жаңа өндіріс орындарын ашуға, оның ішінде басқа елдерден қоныс аударатындарға да барлық жағдайды жасауымыз керек. Шетелдік әріптестермен кедергісіз және үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін бұл мәселені қазірден бастап пысықтау қажет.
Облыста бірқатар ірі экспорттаушы кәсіпорындар жұмыс істейді, олардан негізгі салық түсімдері түседі. Біз оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету арқылы өндірісін кеңейтуге көмектесуіміз керек. Ұлттық экономика және қаржы министрліктері бір ай ішінде ұсыныстарын енгізуі керек", - деп қосты ол.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Алматы облысындағы өңдеу өнеркәсібіне де тоқталды. Қасым-Жомарт Кемелұлының айтуынша, оның үлесі еліміздегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі және 90 пайыз болады. Сонымен қатар бүгінде облыста екі индустриал аймақ және құрылу сатысында тағы екі аймақ бар екенін де еске салды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также