10 маусым 2019 17:53

Тоқаев Қазақстанның басты қауіптерінің бірін атады

Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықтың Қазақстанның басты қаупі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықтың Қазақстанның басты қаупі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жемқорлық - оңай келетін, бірақ жоюға қиын зұлым. Біз бұл қоғамдық зұлыммен қоғам ретінде бірге күресуіміз керек. Қазір бастамасақ, кеш болады", - деді Тоқаев Ақордадағы баспасөз мәслихатында.

Реклама
Реклама

"Алпауыт империялардың жемқорлықтан құлағаны жайлы тарихта мысал көп. Бұл өте өзекті мәселе, тіпті ең дамыған мемлекеттерде бар. Бұл туралы біз әрдайым ашық айтамыз. Бізде жемқорлық үлкен проблема, қауіпсіздігімізге де үлкен қатер", - деді ол.

"Менің басты мақсаттарымның бірі - жемқорлықпен күресу. Мамырда бұл мәселе бойынша үлкен жиын өтті, нақты шаралар қабылдап, халықпен жұмыс істейміз", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram