ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 08 қазан 2022 14:13
Тоқаев Қазақстанның БҰҰ жанындағы өкілін қабылдады
Мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған тұрақты өкілі Ақан Рахметуллинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметін сілтеме жасап.
Кездесу барысында Президент Біріккен Ұлттар Ұйымымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақан Рахметуллинге БҰҰ күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселеге қатысты жұмыстарды белсенді жалғастыруға және осы әмбебап ұйыммен өзара іс-әрекет бойынша жаңа әрі ұзақ мерзімді тәсілдерді әзірлеуге бағытталған бірқатар нақты міндеттер жүктеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу