Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айтты

Нұрила Достарқызы Корреспондент
Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айтты Есмұхан Обаев. Фото: t.me/madenietaqparat

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент көрнекті өнер қайраткері, режиссер-сценарист, І дәрежелі "Барыс" және "Парасат" ордендерінің иегері Есмұхан Обаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

"Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын киелі сахнаға арнаған театр тарланы, өнегелі өнер иесі еді. Ұлт руханиятын ұлықтап, отандық драматургияның дамуына зор үлес қосты. Жауапты лауазымдарды абыроймен атқарып, мәдениет көкжиегін кеңейтуге бар күш-жігерін жұмсады", – деп жазылған жеделхатта.

Реклама
Реклама

Айта кетсек, бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның халық әртісі, белгілі театр режиссері әрі педагог Есмұхан Обаев дүниеден өткенін хабарлады.

Есмұхан Обаевтың өмірбаяны

Есмұхан Обаев 1941 жылы 23 маусымда Алматы облысының Кеген ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын Қазақ КСР халық артисі Асқар Тоқпановтың класы бойынша тәмамдаған.

Ол әр жылдары Қазақ мемлекеттік драма театрының режиссері болып жұмыс істеген, Мәскеудегі МХАТ-та тағылымдамадан өтіп, Семейдегі Абай атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері болған.

Сондай-ақ Е. Обаев Жүргенов атындағы Алматы театр-көркемсурет институтының ректоры, Қазақстан Мәдениет министрінің орынбасары қызметтерін атқарған, ал 2001 жылдан 2013 жылға дейін Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрын басқарған.

Ол Қазақ КСР халық әртісі (1988), Өнер қайраткері (1975), "Тарлан" тәуелсіз сыйлығының лауреаты, "Парасат" және "Барыс" ордендерінің иегері.

Есмұхан Обаев "Абай", "Қарагөз", "Айман - Шолпан", "Ревизор", "Шыңырау түбінде", "Асауға тұсау" және өзге де ондаған спектакльдерді сахналаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама