05 қараша 2022 15:26

Тоқаев Қазақстанның жаңадан тағайындалған елшілерін қабылдады

Ақорда баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңадан тағайындалған елшілерін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңадан тағайындалған елшілерін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Бейбіт Атамқұловты қабылдады.

Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі кеңейтіп, тату көршілік байланыстарды нығайту маңызды екенін айтты. Сонымен қатар, бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру қажетіне назар аударды.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Президент Қазақстанның Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалған Әлібек Бақаевты қабылдады.

Кездесуде Аустриямен және салалық халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастың қарқынын арттырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа ерекше мән беру қажет екені айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңадан тағайындалған елшілеріне серіктес мемлекеттермен арадағы екіжақты және көпжақты форматтағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram