Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Корея Республикасындағы және Мьянмадағы елшілерін тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорда ақпаратынша, Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Асет Жеңісұлы Исенали Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрғали Алмасбайұлы Арыстанов Қазақстанның Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!