Тоқаев Қазақстанның Лондондағы жаңа елшісін тағайындады

Нұрила Достарқызы Корреспондент
Тоқаев Қазақстанның Лондондағы жаңа елшісін тағайындады Фото:gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Лондондағы жаңа елшісін тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтме жасап.

"Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген құжатта.

Еске салайық, бұған дейін Президент жарлығымен Ералы Тоғжанов Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалды.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама